+7 (7232) 70-17-50+7 771 815 48 75 · WhatsAppmail [at] spvector.com
СП ВЕКТОР

Тау-кен бөлімі

Барлау, өндіру және жою кезеңдеріндегі жер қойнауын пайдалану жобалары.

Жер қойнауын пайдалану

ЖШС «СП ВЕКТОР» Тау-кен бөлімінің негізін тау-кен өндірісі жобаларын жүргізуде елеулі тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар құрайды. Тапсырыс беруші мүдделері мен заңнама талаптарының түйісетін шекараларын нақты түсіну өндірістің қауіпсіздігі мен экологиялылығын сақтай отырып, Тапсырыс берушіге барынша пайда әкелетін бірегей жобаларды жасауға мүмкіндік береді.

Жер қойнауын пайдалану кезеңдері бойынша құжаттама
  1. 01Барлау
    • қатты және жаппай таралған пайдалы қазбаларды барлау жоспары
    • бұрын жасалған келісімшарттарға жұмыс бағдарламалары
  2. 02Өндіру
    • тау-кен жұмыстарының жоспары (ТЖЖ)
    • игерудің жұмыс және жергілікті жобалары
    • құрылыс жобалары (Ж) және жұмыс құжаттамасы (ЖҚ)
  3. 03Жою
    • жою жоспарлары
    • жою және консервациялау жобалары
    • рекультивация жобалары
Жобаалды пысықтамалар (ТЭН, ТЭЕ) — шешімдерді негіздеу үшін кез келген кезеңде

Тау-кен бөлімі пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді жобалау саласында мынадай бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

  • жобаалды пысықтамалар (ЖАП):
    • техникалық-экономикалық негіздемелер (ТЭН);
    • техникалық-экономикалық есеп (ТЭЕ);
  • жер қойнауын пайдалану бойынша жобалау құжаттамасы (қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензиялар бойынша, сондай-ақ бұрын жасалған келісімшарттар бойынша):
    • тау-кен жұмыстарының жоспарлары (ТЖЖ);
    • жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келісімшарттарға жұмыс бағдарламалары;
    • қатты және жаппай таралған пайдалы қазбаларды барлау жоспарлары;
    • жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарлары;
  • бір сатылы жобалау:
    • жұмыс жобалары (ЖЖ);
    • игерудің жергілікті жобалары;
    • консервациялау жобалары (Ж, ЖЖ);
    • рекультивация жобалары (Ж, ЖЖ);
  • екі сатылы жобалау:
    • құрылыс жобалары (Ж);
    • жұмыс құжаттамасы (ЖҚ).

Тау-кен бөлімінің қызметі шеңберінде жобалау құжаттамасын жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама, сондай-ақ жер және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес сапалы орындау мақсаттары қойылады. Жер қойнауын пайдалану қызметін кәсіпқойлардың сүйемелдеуі қаржылық шығындарды азайтады және жұмыс технологиясына сапалы көзқарасты қамтамасыз етеді.

Кеніш копрыКенші мүсіні

Жобаңызды талқылайық па?

Міндет туралы айтыңыз – жұмыс құрамын, мерзімін және құнын ұсынамыз.